20 Тамыз, 2013

Көңіл айту жеделхатын жолдады

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаев белгілі металлург, Қазақ­стан­ның Еңбек Ері Бағдат Шаяхметовтің қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына кө­ңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зарбаев белгілі металлург, Қазақ­стан­ның Еңбек Ері Бағдат Шаяхметовтің қайтыс болуына байланысты оның туған-туыстары мен жақындарына кө­ңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Бағдат Мұхаметұлының Өскемен титан-магний комбинатында жарты ғасырға жуық еңбек етіп, қатардағы жұмысшыдан мекеменің басшысына дейінгі жолдан өткені атап көрсетілген. Бағдат Шаяхметовтің Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтудағы және еліміздің өндірістік әлеуетін арттырудағы еңбегі жоғары мемлекеттік марапаттармен атап өтілген.

«Ол еліміздің экономикасының дамуына және өндірісінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосты. Оның жарқын бейнесі әрқашан есте сақталады деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар