Қазақстан • 04 Наурыз, 2020

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Мысыр елшісін қабылдады

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Мысыр Араб Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Манал әл-Сайед Яхья әл-Шиннауи ханыммен кездесті.

Сенат Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Мысыр елшісін қабылдады

Тараптар екіжақты қатынастардың жағдайы мен келешегін, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен МАР парламенттеріндегі екіжақты ынтымақтастық топтары аясындағы парламенттік байланыстарды талқылады.

А.Шәкіров Мысыр елі Африка құрылығы мен Таяу Шығыс аймағындағы және жалпы араб әлеміндегі Қазақстанның сенімді әрі сындарлы әріптесі екенін атап өтті. Осы тұрғыда қазақстандық халықаралық бастамаларға, атап айтқанда, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қолдау көрсетіп келе жатқаны туралы да айтылды. Сонымен қатар, екі елдің халықаралық ұйымдар, оның ішінде БҰҰ және ИЫҰ аясындағы өзара іс-қимылының маңызы аталып өтілді.

Елші аль-Шиннауи екі елдің мемлекет басшылары қалыптастырған жоғары деңгейдегі екіжақты ынтымақтастықты түрлі салада қарқынды дамыту қажеттігін атап өтті. Мысыр елшісі жаһандық деңгейдегі дінаралық диалог ретінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін ілгерілетуге одан әрі қолдау білдіретінін нақтылады.

Кездесуге қатысушылар туристік индустрияны дамытуға және Мысыр астанасын көшіру жоспарына орай тәжірибе алмасу тұрғысында ортақ пікірге келді.

Тараптап екі ел арасындағы саяси, экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025