Қазақстан • 04 Наурыз, 2020

Медициналық маскалардың қалдығы 1 миллионға жуық бірлікті құрайды

197 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстанда медициналық маскаларды өндіру мен пайдалануға арналған баспасөз конференциясы өтті.

Медициналық маскалардың қалдығы 1 миллионға жуық бірлікті құрайды

Спикерлер: Людмила Бюрабекова – Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы; Арнұр Нұртаев – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау Ұлттық орталығының бас директоры; Динагүл Баешева – жетекші инфекционисті; Марина Дурманова – Фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының президенті; Гүлмира Мұхамеджанова – Медициналық бұйымдарды өндірушілер қауымдастығының төрағасы.

Спикерлердің ақпараты бойынша, ақпан айының басында дәріханалардың бөлшек желілеріндегі медициналық маскалардың қалдығы 9 миллионнан астам бірлікті құрады, бұл респираторлық ауруларды қорғау және алдын алу құралдарына халықтың қажеттілігін қамтамасыз етті. Алайда, дәріханалардың бөлшек желілеріндегі коронавирустық инфекция төңірегіндегі дүрлігуге байланысты қалдық 1 миллионға жуық бірлікті құрайды және оларға қажеттілік 30 миллионға дейін ұлғайды.

Бүгінгі күні отандық өндірушілердің медициналық маскалар өндірісінің айлық көлемі 6 млн-нан астам бірлікті құрайды. Мемлекеттік медициналық мекемелер бірінші кезекте алушылар болып табылады. Маскаларды жаппай сатып алуға байланысты ведомствоаралық комиссия елден олардың экспортына тыйым салды. Бүгінгі күні тыйым салынған.

Спикерлер медициналық маскалар ауру жұқтырғаннан аурудың таралуын болдырмау үшін арналғанын атап өтті. Дені сау адамдарға медициналық маска кию қажет емес.

«Біріншіден, маскалар әрдайым дұрыс киілмейді. Екіншіден, масканы адамдар үнемі қолдарымен түзетеді,олар бұған дейін ортақ пайдалану заттарына тиген. Осылайша олар ауру қаупін арттырады», - деді А. Нұртаев.

Қазақстанның жетекші инфекционисті Динагуль Баешева басты алдын алу құралы жеке гигиена ережелерін сақтау, коронавирустық инфекция ауруы бар адамдар мен елдердің жаппай жиналатын орындарына баруды шектеу болып табылатынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025