Аймақтар • 05 Наурыз, 2020

Отандық Mimioriki балалар киімі өндірісі Disneyмен бірлескен желіні іске қосады

739 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Отандық балалар киімінің Mimioriki бренді және Ресей, ТМД елдеріндегі Disney компаниясы балаларға арналған киім-кешектің жаңа коллекциясының сатылымына мүмкіндік беретін лицензиялық келісімге қол қойды. Қазақстандық өнімнің Еуропаға беталысының жаңа бір нышанындай болған жаңалықты бүгін өндіріс басшылығы журналистермен бөлісті.

Отандық Mimioriki балалар киімі өндірісі Disneyмен бірлескен желіні іске қосады

Қазақстан нарығында он жылдан бергі аралықта балалар киімі өндірісіне негізделген кәсіпорында 180-нен астам адам жұмыспен қамтылған. Бірнеше өндірістік желіден тұратын кәсіпорынның жұмысымен таныстырған Mimioriki компаниясының бас директоры Инна Апенко «Mimioriki компаниясы The Walt Disney Company арнайы әзірлеген халықаралық ILS еңбек стандартының сәйкестігі бойынша әлеуметтік аудиттен сәтті өтті. Бұл процедура келісімге қол қоюда міндетті болып саналады. Бұл – біз үшін зор мақтаныш әрі ауқымды сын болмақ! Бір жағынан Disney-дің жаһандық үлкен тарихында ізіміздің болатынына, сүйікті кейіпкерлер суреттелген және біздің аудиторияға қазақ және орыс тіліндегі ұрансөздер жазылған киім-кешекпен балаларға шаттық сыйлайтынымызға қуаныштымыз. Екінші жағынан бұл қадам біздің компанияның әр маманы үшін орасан зор өсім болары даусыз. Себебі, Disney стандарттарының талабы тым жоғары», деп атап өтті. «Mimioriki секілді нарықтың ірі ойыншысымен серіктестік Қазақстанның тұтынушыларына жету жолында Ресей мен ТМД-дағы Disney компаниясы үшін маңызды кезең болып отыр. Ел ішінен орын тапқан бейілді аудиториясы мен толыққанды өзіндік өндірістік циклі бар айрықша бренд тұтынушылардың талап-тілегіне сай келері сөзсіз. Біз балалар мен олардың ата-аналарын қуантатын Mimioriki брендімен бірге жаңа коллекцияларды құру мүмкіндігінің пайда болғанына қуаныштымыз», - дейді Ресей мен ТМД-дағы Disney компаниясының лицензиялау және бөлшек саудамен жұмыс департаментінің директоры Сергей Пичугин.

1

Келісімге келе отырып Mimioriki балалар киім-кешек өндірісін 30% арттырып, Disney кейіпкерлері суреттелген 100 мыңға тарта өнім шығаруды көздейді. Disney классикасындағы алғашқы коллекциялар – теңдессіз Микки мен Минни 2020 жылдың 1 сәуірінде сатылымға шығады. Бүкіл жаңа өнім Қазақстан аумағында сатылатын болады. Қазіргі таңда Mimioriki Қазақстанда франшиза бойынша 4 жеке және 11 ашық дүкенге ие. Әр маусымда 9-10 коллекция немесе 450 бірегей модель шығарады. Disney лицензиялық киімі Mimioriki брендінің барлық фирмалық дүкендерінде, брендтің серіктес дүкендерінде, мамандандырылған балалар бөлшек саудасы мен онлайн маркет-плейстарда саудаға қойылады.

2

Қазіргі таңда «MIMIORIKI» Қазақстан нарығында зор табысқа ие болып, мойындалып, белсенді түрде өсіп-өркендеу үстінде. Бренд коллекция желісінде ұлттық нақыштағы Sport.kz спорттық киім-кешек желісіне жеке әрі маңызды әлеуметтік рөл беріліп отыр. Бренд осылайша балалар спортын дамытуға, салауатты өмір салтын нығайтып, патриотизмді ұштауға, өз еліне деген мақтанышты оятуға мүмкіндік алуда.

 

АЛМАТЫ