Астана қаласында өтетін Қазақстан қан тамырлары хирургтары қоғамының бірінші съезіне қатысушылар «Тілеп Қобыз» сарайында бейнекөрсетілім арқылы жүргізілетін операциялармен тікелей танысатын болады, деп хабарлайды Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми-зерттеу орталығы.

Халықаралық сарапшылар қатысатын Республикалық бірінші съезд шеңберінде өткізілетін шеберлік кластары және бейнекөрсетілім арқылы жүргізілетін үлгі операциялары республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми-зерттеу орталығында және №1 қалалық аурухананың базасында жүргізілетін болады. Бұл шараларды 22 және 24 тамыз күндері аралығында өткізу жоспарланған. Алдын ала хабарланғанындай, Қазақстан қан тамырлары хирургтары қоғамының бірінші съезінің жұмысына Ресей, Өзбекстан, Литва, Израиль және Германия мемлекеттерінің білікті сарапшылары қатысады.
Қазақстан қан тамырлары хирургтары қоғамының бірінші съезі осы басқосу аясында қан тамырларын емдеудің бүгінгі таңдағы озық технологияларын және тиімді ғылыми ізденістерін қолжетімді етуді көздеп отыр. Маңызды басқосу барысында Қазақстанның мамандары шетелдерден келген білікті мамандармен тәжірибе алмасып, тиімді шеберлік кластарын өткізу жоспарланған. Сонымен бірге, емдеу орталықтары ақпараттар алмасып, теориялық және тәжірибе жүзіндегі байланыстарын одан әрі нығайта түсетін болады.
«Егемен-ақпарат».