Көтерме-тарату орталығын салу жобасы қолдау тапты. Жоба көкөністерді, жемістерді, етті, балықты, сүт өнімдерін және т.б. сақтау, тасымалдау және сату бойынша қызметтерді орталықтандыруға арналған.
Елорда әкімі Алтай Көлгінов елорданың азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
«Инвестицияларды тарту жөніндегі тапсырмаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасаймыз және инвестициялық климатты жақсарту үшін жұмыс істейміз, қала мен тұрғындар үшін қажетті жобаларды қолдаймыз» деді қала әкімі.
Кеңесте білім беру саласындағы бірқатар жоба мен автобус паркі құрылысының жобасы талқыланды.