Спорт • 06 Наурыз, 2020

Дзюдодан жастар арасындағы ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5 наурыз күні Таразда дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Дзюдодан жастар арасындағы ел чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды

"Тараз-Аренада" өтіп жатқан дүбірлі додаға еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 2000-2002 жылдары туған 500-ге жуық спортшы қатысуда. 

Жарыстың бірінші күнінде ұлдар 60, 66 келіге дейінгі салмақта, қыздар 48 және 52 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады. Назарларыңызға дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының бірінші жарыс күнінің нәтижесін ұсынамыз.

Қыздар: 48 кг

  1. Таңсұлу Тілеуберген (Қостанай облысы)
  2. Сара Құлым (Түркістан облысы)
  3. Жанерке Асқарова (Қызылорда облысы)
  4. Алима Жұмағалиева (Қарағанды облысы)

52 кг

  1. Ханзада Қайратова (Қарағанды облысы)
  2. Аружан Адасхан (Жамбыл облысы)
  3. Балнұр Әбдешова (ШҚО)
  4. Анель Мұхан (Қызылорда облысы)

Ұлдар: 60 кг

  1. Шерзод Давлатов (Алматы қаласы)
  2. Ерхан Габбасов (Ақмола облысы)
  3. Болат Біләл (Жамбыл облысы)
  4. Абылай Мұсаханов (Жамбыл облысы)

66 кг

  1. Данияр Шамшаев (Жамбыл облысы)
  2. Кемелбек Молдаш (Түркістан облысы)
  3. Ермек Амангелді (Атырау облысы)
  4.  Дінмұханбет Шаменов (Атырау облысы)