Әділет органдарына мұндай ұсынысты «Ізгілік елшісі» волонтерлік қозғалысы білдірген. Құқықтың сауатсыздықтың салдарынан көп азаматтар күрмеуі көп күрделі мәселелерге тап болып жататыны жасырын емес. Жоба азаматтарға осының алдын алуға көмек береді.
–Қиын жағдайға түскен жандарға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға біз тегін құқықтық көмек көрсетуге дайынбыз. Оларға біздің ЖОО заң бөлімінің студенттері, тәжірибелі қорғаушылар, заңгерлер көмек көрсететін болады. Болатын шаралар туралы ақпаратты әлеуметтік желіден көруге болады», - дейді Әділет департаментінің жетекшісі Гүлнар Кокобаева.