Қазақстан • 08 Наурыз, 2020

Бауыржан Байбек әйелдерді төл мерекесімен құттықтады

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қазақстандық қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, оларды Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партиялық праймеризге қатысуға шақырды.

Бауыржан Байбек әйелдерді төл мерекесімен құттықтады

«Ардақты аналар, аяулы арулар! Сіздерді көктем жаршысындай болған шұғылалы мереке – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!⠀ Тал бойларыңызға әсемдік пен әдемілікті, ізгілік пен жылылықты, мейірім мен махаббатты, ақыл мен парасатты тоғыстырып, төңіректеріңізді таңғажайып арайға бөлеп жүрген Сіздер қандай құрметке болсын лайықсыздар. Асыл жар, абзал ана ретінде әрдайым барша берекенің бастауы, бірліктің ұйытқысы, тыныштықтың шырақшысы болып келесіздер» деп жазды партия Төрағасының бірінші орынбасары facebook-тегі парақшасында. 

Сондай-ақ Бауыржан Байбек отбасымен қатар Отанымыздың да гүлденуіне өз үлесін қосып, ерен еңбегімен, ерекше дарынымен ел құрметіне ие болған әйелдер де жеткілікті екенін айтып өтті.

«Сондықтан біздің партиямыздың көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Nur Otan алдағы сайлауда Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарда өздерінің партиялық тізімдері арқылы кем дегенде 30% әйелдердің кандидатурасын ұсынылуын жоспарлап отыр. Ол үшін осы жылдың сәуір-мамыр аралығында партияішілік сайлау-праймериз өткіземіз. Ел тағдырына бейжай қарамасаңыз, онда Nur Otan партиясының есігі қашан да ашық!» - деп жазды ол.