Спорт • 10 Наурыз, 2020

Коронавирус: Халықаралық дзюдо федерациясы жарыстарды уақытша тоқтатты

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус эпидемиясына байланысты IJF күнтізбесіндегі 30 сәуірге дейінгі Олимпиадалық лицензиялық турнирлер тоқтатылғаны жайлы халықаралық дзюдо федерациясы мәлімдеді. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус: Халықаралық дзюдо федерациясы жарыстарды уақытша тоқтатты

Атап айтқанда, Екатеринбургтегі (Ресей) Grand Slam, Тбилиси (Грузия) мен Анталиядағы (Түркия) Гран При турнирлері өтпейді. IJF ережесіне сәйкес, Grand Slam жарысында жеңімпаздарға 1000. екінші орын иегеріне 700, үшінші орынға 500 ұпайдан беріледі.

Ал Гран При кезеңінде жеңімпаздарға әлем рейтингінде 700, күміс жүлдегерге 490, қола жүлдегерге 350 ұпайдан қосылады.