20 Тамыз, 2013

Астаналық студент жаңа қауіпсіздік белдігін ойлап тапты

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пояс

Елімізде ендігі жерде жол апаттарының саны азаюы мүмкін. Астаналық студент оның алдын алатын жаңа белдік ойлап тапты. Бұл туралы «Жетінші» телеарна хабарлады.

Бұл жаңа белдік қараңғыда айналаға жарық беріп, жүргізушінің қауіпсіздік белдігін таққан-тақпағандығын аңғартады. Сондай-ақ ол қарсы беттегі көліктерге жарық белгі береді. Өнертапқыштың ойлап тапқан бұл жобасын Ішкі істер министрлігі барша азаматқа міндеттеудің жолдарын қарастырып жатқан көрінеді. Белдікке жуырда патент берілген. «Сақтандыру компанияларымен келісімге келіп, белдікті тиісті бағаға сатуды жоспарлап отырмын. Олар өз кезегінде оны жүргізушілерге сыйға тарту етеді», - дейді өнертапқыш Диана Әубәкір.

Әлгі сыйға алған белдіктің тысына көліктің нөмері жазылатын болады. Қазіргі кезде қауіпсіздік белдігін тігетін шеберханалармен келісім жүргізілуде. Әзірге мұндай қорғаныштың әлемде баламасы жоқ дейді мамандар.

Данияр Түймебай.