Аймақтар • 10 Наурыз, 2020

Оралда 2 ай ішінде 9 сенбілік өтеді

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Орал қаласында көктем ерте шықты. Осыған орай дәстүрлі жалпыхалықтық сенбіліктер 14 наурызда басталып, екі айға созылмақ.

Оралда 2 ай ішінде 9 сенбілік өтеді

- 9 мамырға дейін созылатын сенбілік аясында Орал қаласындағы әрбір ауланы тексеріп, көгалдарды тазалаймыз, көшет отырғызып, балалар мен спорт алаңдарын жөндейміз. Шағын сәулет нысандарын жаңартып, тұрғын үй қорын ретке келтіруіміз керек. Сонымен қатар, қала аумағын табиғи және тұрмыстық қоқыстардан тазартып, қураған ағаштарды кесіп, шығарамыз. Көктемгі сенбіліктер қала инфрақұрылымын жазғы кезеңге кешенді дайындауға бағытталған, - дейді Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәй.

Жиналған қоқысты қала көшелерінен «Жайық Таза қала» және «Орал Таза Сервис» мекемелері шығармақ. Бір тәуірі сенбілік кезінде жиналған қоқыс арнайы полигонға тегін қабылданады екен.

Мирас Рүстемұлының айтуынша, биыл Орал қаласы әкімдігі көпқабатты үйлер аулаларын абаттандыру бойынша 10 жобаны жүзеге асырмақ. Оған жалпы құны 400 000,0 мың теңге қарастырылған. Бұл жобаның ішінде балалар ойын алаңдарын салу, қала көшелеріндегі 15184 шамды ауыстыру, субұрқақтарды іске қосу секілді жобалар бар.

 

Батыс Қазақстан