Әлем • 10 Наурыз, 2020

Коронавирус: Италия үкіметі елді карантинге жабады

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте коронавирустың таралуына байланысты жаңадан қабылданған төтенше шаралар туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Euronews.com хабарлады.

Коронавирус: Италия үкіметі елді карантинге жабады

Бұдан былай азаматтар өз үйлерінен ешқайда шықпауы тиіс, бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады, ал оқу орындары түгелдей жабылды.

«Ең дұрыс шешім - үйде отыру. Италияның болашағы - біздің қолымызда. Біз бұған дейін тек Ломбардия мен кейбір провинцияларда қабылданған сақтық шараларын енді елдің бүкіл аумағына қолдану туралы шешімге келдік», - деп атап өтті Италия премьер-министрі Джузеппе Конте.

Бүгінде елдегі мұражайлар, кітапханалар, бассейндер мен барлар түгелдей жабық. Жаңа шектеулер 10 наурызда күшіне енеді және 3 сәуірге дейін жалғасады.

Айта кетсек, тек соңғы тәулікте Италияда коронавирустан 97 адам қайтыс болды. Аталмыш вирустан көз жұмғандардың жалпы саны 463 адамға жетіп отыр. Ал ауру жұқтырғандар саны 9 мыңнан асып кетті. Бүгінде қауіпті індеттің тарлауы жағынан бұл ел әлемде Қытайдан кейін екінші орында тұр. Өлім деңгейі бойынша, шамамен 5%, бірінші орынға шығып отыр.

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45