Айта кетсек, Қазақстан мен Нидерланд құрамалары арасындағы алғашқы ойын күні 1:1 есебімен аяқталған еді. Ал екінші матчта Таллон Грикспурмен кездесуінде екі сетте де Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жеңіске жетті. Екінші күннің бірінші матчында Андрей Голубев пен Александр Недовесов жетістікке жетсе, келесі матчта Александр Бублик Робин Хааседен 7:6 (7:4), 6:1 (1 сағат 18 минут) есебімен басым түсті.
«Өз мінберімізде жеңісті жұлып алып, әлемнің басты теннис турниріне жолдама алу, осыдан барып үздік дебютпен шығу – арманымыз еді. Өз үйімізде ешкімге есе бермейтінімізді тағы бір мәрте дәлелдей түстік. Еліміздің аренасында жетінші матчты жеңіспен аяқтап отырмыз», - деді Қазақстан құрамасы капитаны Юрий Щукин.
Еске салсақ, 12 наурызда Мадридте Әлемдік лиганың жеребесі өткізіледі. Ол жеребеде Қазақстан құрамасы топ бойынша өз қарсыласын білетін болады. Ал жарыстың өзі 23-29 қарашада Мадридтегі «La Caja Magica» стадионында өтеді.