5 наурыздағы соңғы ақпаратқа сенсек, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында қарыз алуға 317,2 млрд теңге сомасына 27 940 өтінім келіп түскен.
Нәтижесінде 189,2 млрд теңге сомасына қарыз беруге 16 506 өтінім мақұлданды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар болса, «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуға болады.
Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.