«Бүгінде Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия сияқты елдерден келушілерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады. Себебі бұл елдер бірінші санаттағы «А» тобына жатады. «В» тобының бірінші санатындағы елдерге - Германия, Испания, Франция. Бұл елдерге қатысты талап 12 наурызда 00:00-ден бастап күшіне енеді», - деді Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Оның айтуынша, шекара қызметі келушілердің үшінші елдер арқылы өтуін қадағалайтын болады. Сонымен қатар Швейцариядан, Ұлыбританиядан және Нидерландыдан келген адамдар тұрғылықты жері бойынша оқшаулануы керек.