Елбасы • 10 Наурыз, 2020

Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездесті

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей астанасы Мәскеу қаласына келді.

Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кездесті

Сапар барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путин­мен кездесті. Тараптар ЕАЭО аясындағы әріптестік мәселелерін талқылады.

Елбасы Ресей Қазақстанның барлық саладағы се­німді се­рік­тесі болып қала бере­тінін атап өтті.

– Интеграциялық бірлестік жұмыс істеп тұр және болашағы зор деп санаймын. Құр­метті төр­аға ретінде мен оның одан әрі дамуына күш саламын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы екі елдің өзара қарым-қатынасы тату көршілік пен одақ­тастық қағидаттарына толық сәйкес дамып келе жатқанын сөз етті.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин ғылым-білім саласындағы ын­тымақтастық мәселелеріне ерекше мән берді.

Өз кезегінде Владимир Пу­тин Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті интеграциялық үдерістерді дамытуға және екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті ны­ғай­туға сүбелі үлес қосқанын атап өтті.

– Бізде саяси диалог жал­ға­сып жатыр. Біз Президент Қа­сым-Жомарт Тоқаевпен ұдайы кездесіп тұрамыз. Елдеріміздің үкіметтері үйлесімді жұмыс іс­теу­де. Өткен жылы тауар ай­на­­лы­мы 19,7 пайызға өсіп, 20 млрд долларға жетті. Бұл – жақ­­сы көрсеткіш, – деді Ресей Президенті.

Сондай-ақ тараптар ха­лық­аралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады және әлем­дік көмірсутек нарығын­­да қалыптасқан жағдай бо­йын­ша пікір алмасты.

Осы жұмыс сапарының бары­сын­да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың М.В.Ломоносов атында­ғы Мәскеу мемлекеттік универ­си­тетіне баруы жоспарланып отыр.

 

Орынбек ӨТЕМҰРАТ,

«Egemen Qazaqstan» – Мәскеуден (Ресей)