Аймақтар • 11 Наурыз, 2020

«Бақытты отбасы» орталықтары волонтерлермен бірігіп әлеуметтік көмек көрсетеді

419 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету және «Бақытты отбасы» орталығы қызметінің жаңа бағыттары туралы баспасөз конференциясы өтті.

«Бақытты отбасы» орталықтары волонтерлермен бірігіп әлеуметтік көмек көрсетеді

Баспасөз конференциясына қалалық «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Зульфия Байсақова, Наурызбай аудандық орталығының басшысы Жандай Сана және Түрксіб аудандық орталығының басшысы Бибіраба Айымбетова қатысты.

«Биылғы жылы аудан орталықтары жаңа жұмыс форматын бастайды. Негізгі мақсаты – өмірлік қиын жағдайларда жүрген отбасыларды анықтау, өмірлік қиын жағдайларда жүрген отбасыларды анықтау, әйелдер кәсіпкерлігін, балаларға арналған түрлі курстардың жұмысын ілгерілету, жұмысқа орналасуға ықпал ету, волонтерлер лигасымен ынтымақтастық. «Бақытты отбасы» — бұл көп балалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға ғана арналған орталық емес. Біз мақсатты топты кеңейткіміз келеді, сондықтан біз Nur Otan жастар қанатының волонтерлерін жұмылдырып, олармен бірге отбасыларды анықтау бойынша кең көлемді акциялар өткізуді жоспарлап отырмыз», — деді қалалық «Бақытты отбасы» орталығының жетекшісі Зульфия Байсақова.

Сонымен қатар, Наурызбай аудандық орталығының басшысы Жандай Сана еріктілерді тартудың маңыздылығын атап өтті. Еске салсақ, 2020 жыл Қазақстанда еріктілер жылы болып жарияланды.

Біздің жұмысымызда волонтерлердің көмегі өте маңызды. Наурызбай ауданында «Волонтерлар лигасымен» келісім бар, сондықтан олар біздің жобаға өз үлестерін қосады.

«Жоғары оқу орындарының студенттері мен «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» түлектері біздің жұмысымызға тартылып, балаларды оқытуға көмектеседі», — деді Жандай Сана.                                                               

АЛМАТЫ