Қазақстан • 11 Наурыз, 2020

«Қазгидрометке» жаңа басшы тағайындалды

152 реткөрсетілді

Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 10 наурыздағы №119 бұйрығымен Данара Кизатқызы Алимбаева «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі хабарлады.

Данара Кизатқызы Алимбаева  1922 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Гидрометеорологиялық қызметінің тарихында алғаш рет әйел басшы болып тағайындалды. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) құрамына кіретін 192 елдің ішінде Д.Қ. Алимбаева осындай ұйымды басқаратын нәзік  жыныстылардың екінші өкілі.

Динара Қизатқызы Алимбаева 1977 жылы 08 тамызда дүниеге келген, «метеорология» және «қаржы» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, сондай-ақ «қолданбалы экология» бағыты бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазгидромет» РМК-да техник-метеоролог лауазымынан бастады;

2003-2009 жж. инженер-метеоролог, 1 санатты инженер-метеоролог, жетекші инженер метеоролог, Метеорология басқармасының басшысы;

2011-2015 жж. Метеорология департаментінің директоры;

2015-2017 жж. Экологиялық мониторинг департаментінің директоры.

2017 жылғы 18 қыркүйектен бастап «Қазгидромет» РМК Бас директорының орынбасары болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Коронавирус шаш арқылы жұғады

Коронавирус • Бүгін, 12:19

«Алтын Орда» күйін шығарды

Руханият • Бүгін, 11:21

Карантиннен келетін зардап мол

Коронавирус • Бүгін, 11:09

Тағы бір науқас қайтыс болды

Коронавирус • Бүгін, 08:07

Конкурс жарияланады

Қоғам • Бүгін, 07:57

Көршіңізбен қалайсыз?

Руханият • Бүгін, 07:54

Сөз сойыл №92

Руханият • Бүгін, 07:50

Қажығұмарды қайтеміз?

Таным • Бүгін, 07:47

Тұратыда туған тарландар

Руханият • Бүгін, 07:45

«Штрафбаттың» командирі

Руханият • Бүгін, 07:43

Ұқсас жаңалықтар