21 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы № 832

298 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2012 жылғы 27 қараша,   Астана қаласы

«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет регламентін бекiту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №1153 қаулысына сәйкес бұйырамын:
 1. Қоса берiлiп отырған «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттiк қызмет регламенті бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Б.Ш. Әбішев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) оның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Қ.Б. Әбсаттаровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр             А. ЖҰМАҒАЛИЕВ.

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 27 қарашадағы №832 бұйрығымен  бекітілген
 
«Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында
жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу»
мемлекеттiк қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер
 1. Осы «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабына, «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегі №1058 қаулысына (бұдан әрі – Қағида), «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің көліктік бақылау саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленген.
2. Осы регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы – Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлға;
2) құрылымдық-функциялық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты адамдары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері немесе кіші жүйелері.
3. «Ішкі суда жүзетін кемелерді және «өзен-теңіз» суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Халыққа қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы Стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді.
4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
5. Мемлекеттік қызмет:
1) «Iшкi су көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 26-бабының;
2) Стандарттың;
3) Қағиданың негізінде көрсетіледі.
6. Мемлекеттiк қызметті аяқтау нәтижесі кеме куәлігін немесе кеме куәлігiнің телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады.
7. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады және Стандарттың 8-тармағының негізінде көрсетіледі.
 
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұд