Руханият • 12 Наурыз, 2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да академик Өмірбек Жолдасбековті еске алды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да академик Өмірбек Жолдасбековті еске алу күні өтті. Шараны аталған университеттің механика кафедрасының 85 жылдық мерейтойымен байланысты ұйымдастырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да академик Өмірбек Жолдасбековті еске алды

Академик Өмірбек Арысланұлын еске алуға Механика және машинатану институтынан шәкірттері, Сәтбаев университетінің профессорлары, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің профессорлары мен оқытушылары және студенттері қатысты.

Іс-шараның салтанатты бөлімі академик У.А. Жолдасбеков туралы деректі фильм көрсетуден басталды. Ғалымды еске алу үшін қонақтар бір минуттық үнсіздікпен құрмет көрсетті. Алматы қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің мәліметі бойынша, шарада механика кафедрасының докторанттары студенттер арасында академик Ө.А. Жолдасбековтің өміріндегі негізгі күндер мен оқиғаларға қатысты викторина өткізді. Еске алу күні оқу ордасының профессорлері академиктің білімге, ғылымға сіңіргені еңбектерін жоғары бағалап, студенттердің алдында ғалым атаға алғыстарын білдірді.

 

АЛМАТЫ