Қазақстан • 12 Наурыз, 2020

Fly Arystan Көкшетаудан Алматыға қатынайды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолаушылап шыққан көкшетаулықтар үшін енді Алматы алты-ақ қадам жер. Бүгін тұңғыш рейс ұшырылды. 180 орындық ұшақ аптасына үш рет ұшатын болады.

Fly Arystan Көкшетаудан Алматыға қатынайды

Билет құны 8999 теңге. Броньдау сайт арқылы жүзеге асырылады. Көкшетау мен Петропавл қалаларына ашылған жаңа бағыттар өңірдегі туризмді дамытуға ықпал етеді деп болжануда. Ендігі арада Бурабайға барудың жолы оңай. Бұл жайында әуежайдың жер үсті қызметінің директоры Данияр Өскенбаев таратып айтып берді.

– Біз үнемі жолаушыларға қажетті билеттерін арзан бағамен броньдауды ұсынамыз. Әдетте арзан билеттер тез сатылып кетеді, – дейді ол.

Бағаның қолжетімді болуы ең алдымен халықтың қалтасына салмақ түсірмейтін болады. Осы жағынан келгенде жолаушылар қатынасының жолы болатын түрі бар.

 

Ақмола облысы