Спорт • 12 Наурыз, 2020

«Арланның» арыны қатты

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Арлан» хоккей командасы өз алаңында «Ақтөбе» құрамасын  қабылдады. Бұл төртінші кездесу.

«Арланның» арыны қатты

Тартысты өткен жарыста жергілікті «Арлан» командасының асығы алшысынан түсіп, қарсыластарын 2:0 есебімен ұтып, ел чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Ойын алғашқы минуттардан-ақ қызу басталды. Бірінші айналымда есеп ашылған жоқ. Ал, екінші айналымда жерлестеріміз толық құрамда шығып, қарсылас қақпасын бірден шабуылдың астына алды. Нәтиже көп күттірген жоқ. Ойынның 17-ші минутында жерлес шабуылшы Михаил Рахманов қарсылас қақпасынан саңылау таба білді.

– Біз «Арлан» командасына қолдау көрсетуге келдік. Әр ойынына жанкүйер болып келеміз. Командадағы әр ойыншыға сенеміз. «Арлан» командасы біздің Қазақстандағы нөмірі бірінші құрама, – дейді жанкүйер Алтынбек Мәкішев.

Үшінші айналымда қарсылас команда жеңіске ұмтылғанымен, «Арландықтар» ойын тізгінін уысынан шығармады. Михаил Рахманов ойынның алғашқы 4-ші минутында тағы бір гол соғып, есепті еселей түседі.

Көкшетаулық хоккейшілер кезекті жеңісіне қол жеткізіп, турнир кестесінде көш бастап тұр. Енді олар Қазақстан чемпионатынның жартылай финалына дайындық жұмыстарына кіріседі.