Аймақтар • 12 Наурыз, 2020

Алматыда ат спортынан «Жеңіс кубогы» өтіп жатыр

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ат спортынан  тұңғыш рет «Жеңіс кубогы» өтіп жатыр. Дода Ұлы Жеңіс мерекесінің 75 жылдығы аясында Кеңес Одағының батыры, әйгілі Панфиловшылар дивизиясының ардагері, жазушы Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған. Сайысқа елімізден бөлек, көршілес мемлекеттерден келген 30-дан астам шабандоз қатысуда.

Алматыда ат спортынан «Жеңіс кубогы» өтіп жатыр

Жарысқа қатысушылардың жас шамасы - 10 мен 20 жас арасында. Аптаға созылатын бәсеке 15 наурызда мәреге жетпек. Осы турнирден үздік деп танылғандар Ресейде өтетін халықаралық байқауға жолдама алып, бас жүлде ретінде Мәскеу орталығынан берілетін пәтер үшін бақтарын сынамақ. Соңғы уақытта ат спортына ересектерден бөлек, жасөспірімдердің де қызушығылы артып келеді дейді ұйымдастырушылар

«Биылғы Ресейде өтетін халықаралық турнирге Қазақстан алғаш рет қатысуға мүмкіндік алып отыр. Бұл біз үшін және қатысушыларымыз үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, ол барлық әлем мықтылары жиналатын  бірегей дода. Бұл біздің шеберлігіміздің артуына да ықпалын тигізетін еді. Келесі жылы Өзбекстан мен Қырғызстан қатарымызға қосылады деп күтілуде», – дейді ат спортының жаттықтырушысы Ольга Бакумян.