Қаймен Есендияров 1967 жылы туған, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы спорт комитетінде нұсқаушы, Орал қаласындағы Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде (ОРМБЖМ) қазақ күресінен бапкер-оқытушы, Оралдағы «Қайрат» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директор, Батыс Қазақстан облысы туризм және спорт басқармасында басшының орынбасары, Батыс Қазақстан облысының ұлттық күрес және самбо федерациясының төрағасы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы, тәртіптік комитетінің төрағасы, БҚО қазақ күресі федерациясының президенті болған. 2018 жылдың желтоқсан айынан бері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде самбодан мемлекеттік жаттықтырушы қызметін атқарған.
Батыс Қазақстан