Қоғам • 12 Наурыз, 2020

Ауыр жүк тасымалдауға уақытша шектеу қойылды

439 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауыр жүктерді тасымалдауға қойылған уақытша шектеулер жөнінде брифинг өтті. Брифинг барысында оңтүстік өңір бойынша 2020 жылдың 1 наурыз - 1 сәуір аралығында жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы 2013 жылғы 11 наурыздағы №162 бұйрығы негізінде тасымалдаушылардың қозғалысына қойылған уақытша шектеу мәселелері талқыланды.

Ауыр жүк тасымалдауға уақытша шектеу қойылды

Көктемгі кезеңде халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын, төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын, зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді, азық-түлік тасымалдауды, жолаушылар мен багаж тасымалын, дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын, сонымен қатар, мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына көктемгі кезеңде шектеу енгізілді.

Сондай-ақ қарулы күштері, басқа әскери күштер және әскери қалыптастыру және әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына шектеулер таратылмайды. Қозғалысқа уақытша шектеу енгізу кезеңінде Қазақстан жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша жүріп өту кезінде рұқсат етілетін автокөлік құралдарының осьтік массасының ең көп сомасы қозғалысты ұйымдастыру көрсетілген мәнінен аспауы тиіс.

«Қазіргі таңда 2020 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін яғни, наурыз айына 47 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, 8 млн 420 мың 100 теңгеге айыппұл салынды. Алым соммасы 345 мың 249 теңгені құрады» деді Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы Хамитбек Петралиев.

Көктемгі кезеңде қозғалысты шектеудің жыл сайынғы қолданылу мерзімдері төмендегідей. Мамандар мәлімдегендей, ағымдағы жылдың 23 наурызынан 1 мамырына дейін  Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарына шектеу енгізіледі.

Тиісті жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейін, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аймағы), Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында да шектеу енгізіледі.

Ал ағымдағы жылдың 1 маусымынан 15 тамызына дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 11-00-ден 21-00-ге дейін бірқатар облыста ауыр жүк көліктеріне шектеу қойылмақ. Олар - Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды аймағы), Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Тиісінше биылғы 1 маусымнан 31 тамызға дейін, ауаның температурасы 250С жоғары болған кезде сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған аймағы), Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында шектеу енгізілмек.