Спорт • 12 Наурыз, 2020

Коронавирус: «Реал Мадрид» клубы карантинге жабылды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Реал Мадрид» баскетбол командасының ойыншысы Трей Томпкинстен COVID-19 вирусы табылуына байланысты клуб түгелдей карантинге жабылды.

Коронавирус: «Реал Мадрид» клубы карантинге жабылды

«Реал Мадрид» баскетбол командасының ойыншысы Трей Томпкинстен коронавирус инфекциясы анықталды. Осыған байланысты баскетбол және футбол командаларының барлық мүшесі ойыншылармен қоса карантинге жіберілді.

Сондай-ақ бүгін және ертең өтуі тиіс ойындар кейінге қалдырылды. Футболдан Испания чемпионаты – Ла Лига тоқтатылды.