«Павлодарлық кәсіпкерлер жәрмеңкеге 40 тоннадан астам азық-түлік өнімдерін алып келеді.
Республикада және шетелде танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сүт» АҚ, «Кренделъ» ЖШС брендтері және басқа да кәсіпорындар елорда тұрғындарына қолжетімді бағамен азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген түрлерін ұсынатын болады.
Жәрмеңкеде картоп, пияз, сәбіз - 85 теңгеден, қырыққабат - 100 теңгеден, сиыр еті - 1800 теңгеден сатылады» делінген хабарламада.