«Үш айдан бері біз коронавирусқа Қазақстанда жол бермеу бойынша көп шараны іске асырған едік. Бірақ, өкінішке қарай, бүгін бірнеше рет тексергеннен кейін Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылды», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, Алматыдағы лабораторияда тексеруден өткен оларда коронавирус инфекциясы бары расталған. Ол екі азамат Германиядан келген. Қазіргі күні пациенттердің жағдайы жақсы. Жалпы, эпидемияға қарсы бүкіл қажетті шаралар енгізіліп жатыр. Оқшаулау, карантин – қажетті емдеу процедуралары қабылдануда.
Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен бұл азаматтар карантиндік стационарға жатқызылған.