Қазақстан • 13 Наурыз, 2020

Орта және шағын бизнес өкілдері кері байланысқа шығуы тиіс - Абылай Мырзахметов

183 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов коронавирус пандемиясына қатысты ситуацияға әрекет ету шаралары және оның Қазақстандағы бизнеске әсер етуіне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Орта және шағын бизнес өкілдері кері байланысқа шығуы тиіс - Абылай Мырзахметов

«Кешеден бастап біз де өзіміздің шұғыл әрекет жасайтын штабымызды құрдық. Негізгі мақсатымыз – кәсіпкерлермен тығыз байланыста болу, олармен кері байланыс орнату. Бір күннің ішінде 1000-нан астам кәсіпкерлерден әртүрлі сауалдар келіп түсті. Call-центрге хабарласып, өзінің қандай кәсіппен айналысатынын және қандай қиыншылықтар көріп жатқанын айтуға болады. Сосын интернеттегі анкетаны толтыруға болады. 2000-3000-ға жуық жұмыс орны бар кәсіпорындарға өзіміз хабарласып жатырмыз. 1000-нан аса мәлімдеменің 30 пайызы – орта бизнес, 60 пайызы – шағын бизнес өкілдері, 27 пайыз микробизнеске  қатысты. Олардың 40 пайызы өндіріс саласында жұмыс істейді. Карантин болуына байланысты салық және алынған несиені қайтаруға мемлекет тарапынан көмек болады», деді Абылай Мырзахметов.

Сондай ақ, Абылай Мырзахметов кинотеатрлардың жұмысына тоқталды.

«Кинотеатрлардың басшыларына айтарымыз анкетаны толтырып, қандай несиелері бар екенін, бір-екі айдың ішінде қанша шығын түсетінін есептеп, бізге толық мәлімет беруі тиіс», деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы. 

«Барлық кәсіпкерге хабарласу қиынға соғады. Сондықтан, палатаның бірыңғай 1432 нөміріне еліміздің кез келген нүктесінен хабарласуға болады. Әзірге 5 оператор жұмыс істеп жатыр, қажет болса, олардың санын көбейтеміз. Бұл жерде еш салаға басымдық бермейміз. Кез келген отандық кәсіпкер палатға хабарласып, қандай мәселелерге тап болғанын айта алады», - деді А. Мырзахметов.