Коронавирус • 13 Наурыз, 2020

Карантинге қарсылық білдіргендер инфекция жұқтырса, жауапқа тартылады

437 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Карантинге қарсылық білдіргендер өзгелерге инфекция жұқтырса, жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Карантинге қарсылық білдіргендер инфекция жұқтырса, жауапқа тартылады

«Әрине жауапкершілік маңызды. Барылығымыз дұрыс түсінуіміз керек. Бұл – жұқпалы ауру. Өкінішке орай тез тарайды. Байбалам салатындай қатты қорқынышты ауру емес, кәдімгі инфекциялық ауру. Сақтану шараларын жасау қажет. Әрине кейбір азаматтар карантинге және медициналық қызметкерлерге, полиция қызметкерлеріне қарсылық білдірсе, қосымша әкімшілік бұзушылық бойынша қажетті шаралар қабылданады. Ал азамат науқас болып табылса, сол науқас арқылы басқа азаматтар ауру жұқтырған жағдайда, заң бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыстық жауапкершілік көзделген. Біз бұны дұрыс түсінуіміз керек. Бұл біріншіден әр адамның өз жауапкершілігі» деді ол.

Еске сала кетейік, Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған жолаушы анықталған «Франкфурт-Алматы» рейсінде қай елдердің азаматтары болғанын айтты.