Аймақтар • 14 Наурыз, 2020

Шығыс Қазақстанда жағдай тұрақты

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Брифингте медициналық масканың жетіспеушілігі де сөз болды.

Шығыс Қазақстанда жағдай тұрақты

 Кеше Өскемендегі ақпараттық орталықта облыс әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат бастап, бірнеше басқарма, департамент басшылары қостап брифинг өткізіп, коронавирус инфекциясының алдын алу шараларына жан-жақты тоқталып, журналистердің сауалдарына жауап берді.

ӘЛ

«Шығыс Қазақстан облысында өңірлік штаб құрылып, алдын-алу шараларының кешенді жоспары бекітілді. Инфекцияның таралуына жол бермеу және жергілікті халықтың санитарлы эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылдың 20 ақпанынан 1А санатты елдерден келген азаматтарды арнайы медициналық стационарларға 14 күнге карантинге жабу басталды. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанға коронавирусты анықтайтын 60 мың тест жақын арада жеткізілетінін, бұдан бөлек 40 мың тестке тапсырыс берілгенін айтты. Үкімет берген тапсырмаларға сәйкес біздің облыста тиісті іс-шаралар қолға алынады. Өңірдің барлық медициналық ұйымдары жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде» деді облыс әкімінің орынбасары.

І

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысы Ілияс Мұхамеджан қазіргі таңда өңірде 69 адам 14 күндік карантинге жатқызылғандығын жеткізді. «Оның 64-і ауруханалардан шығарылды. 13 наурызға қараған күні 5 адам бақылауға алынған. Тексерулер аяқталысымен үйлеріне барады» деді ол.

Брифингте медициналық масканың жетіспеушілігі де сөз болды. Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ержан Шорманов жақын күндері бұл мәселе шешімін табатынын айтты. «Облыс әкімінің тапсырмасына орай жергілікті кәсіпорындарда дәкеден медициналық маска өндірілетін болады» деді ол.

ӨСКЕМЕН