Коронавирус • 14 Наурыз, 2020

Қазақстанда 1090 адам стационарлық карантинде

105 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы коронавирус бойынша соңғы ақпаратпен бөлісті. Елімізде вирус жұқтырған 6 науқас тіркелді, Алматы қаласында – 4, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам. Стационарлық карантинде 1 мың 90 адам, үй карантинінде 452 адам жатыр. 

Қазақстанда 1090 адам стационарлық карантинде

Сонымен қатар, ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда.

Барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 272 адам алынды, оның ішінде 1а санаты бойынша – 1 мың 438, 1б санаты бойынша – 475, 2 санат бойынша – 359 адам. Мониторингке алынған 2 мың 272 адамның 380-іне бақылау тоқтатылды. 14 наурыздағы жағдай бойынша барлығы 1 мың 892 адамға мониторинг жүргізуде.

Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 116 адам ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 1б санаты бойынша – 31 адам, 2 санат бойынша – 42 адам, 3 санат бойынша - 43 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 116 адам, 62 азамат шығарылды. 54 адам стационарда қалады.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды.

Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жасау жұмыстары жүргізілуде.

Денсаулық сақтау министрлігі жаңа коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қатаң алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді:

қолды, бетті сабынмен жиі және мұқият жуу;
- адамдар көп жиналатын жерлерге мүлдем бармау;
- сырқат адамдарға жақындамау;
- суық тию белгілері пайда болған жағдайда ( дене қызуы жоғарылап, мұрын бітелсе, жөтел, тамақтың ауыруы) тез арада үйге жедел жәрдем шақыру қажет.