- Президенттің бастамасымен Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Ел басшылығы тарапынан қабылданған кешенді шаралар азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғауға бағытталған. Уақытша шектеу елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қажет, - деп жазды Нұрлан Нығматулин Twitter парақшасында.
Мәжіліс Спикерінің айтуынша, жағдай толықтай бақылауда. Алаңдаушылыққа бой алдыруға болмайды. Нұрлан Нығматулин, сондай-ақ, қазақстандықтардың қалыптасқан жағдайға жоғары жауапкершілікпен қарап, өз денсаулықтарына баса көңіл бөлетініне, айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды қолға алатынына сенім білдірді.