«Біз қолдан келгенше тазалық жұмыстарын жиі жүргізетін боламыз. Өйткені тазалық қазір өте маңызды. Көрсеткен қызметіміз мінсіз болуы үшін жұмыс істеу кестесін өзгерттік. Бұрынғы кестені қайта қарап, дезинфекцияға көп көңіл бөлетін боламыз», дейді қоқыс таситын компанияның директоры Олеся Хасанова.
Қаланың қалған бес ауданында да бұл жұмыстар жүйелі жалғасатын болады. Қоқыс тасумен айналысатын компанияларда жұмыс кестесі қайта қаралып, дератизация мен дезинфекцияға көбірек уақыт бөлінген.