Әлия Мұханбетжанова Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында 1978 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін «агрохимия және топырақтану», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары Батыс Қазақстан облысының Зеленов (қазіргі Бәйтерек) ауданында Кожевников орта мектебінің мұғалімі, Жер ресустарын басқару жөніндегі аудандық бөлімінің жетекші маманы, Зеленов ауданы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары жөніндегі бас маманы, Зеленов ауданы жер қатынастары бөлімінің меңгерушісі, Зеленов ауданын жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылдың тамыз айынан бастап бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымында болды.
Ал бұған дейін Шыңғырлау ауданы әкімі қызметін атқарған Ержан Тұрмағамбетовтың бұл қызметтен өз еркімен кеткені мәлім болды.
«2019 жылдың аяғында Шыңғырлау ауданында білім беру бөлімі басшысына қатысты жемқорлық фактісі тіркелген болатын. Осы оқиғаларға байланысты қазіргі аудан әкімі Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы өз еркімен жұмыстан кету туралы шешім қабылдап, өтінішін білдірді. Облыс әкімі Ержан Рысжанұлының өтінішін мақұлдады. Жаңа ереже шықпас бұрын болған оқиға болғанымен, басшы ретінде барлық жауапкершілікті мойындай отыра осындай шешім қабылдаған аудан әкімінің әрекеті – оның тәрбие көрген, адамгершілігі және басшы ретінде жауапкершілігі мол азамат екенін көрсетеді. Ержан Рысжанұлы тәжірибесі мол мемлекеттік қызметші. Әлі де елге тигізер пайдасы көп. Ол кадр резервінде болады» делінген Батыс Қазақстан облысы әкімдігі баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Батыс Қазақстан