Экономика • 16 Наурыз, 2020

Агроөнеркәсіптік өнімдер тасымалына шектеу қойылмайды - Сапархан Омаров

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде бүгінгі күні әлеуметтік азық-түлік тауарлар көлемі жеткілікті, мұның барлығы қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы, Индустрия және сауда министрлігі мен әкімдіктердің қатаң бақылауында. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында айтты.

Агроөнеркәсіптік өнімдер тасымалына шектеу қойылмайды - Сапархан Омаров

«Күнделікті мониторинг жүргізілуде, жағдай бірқалыпты. Елімізде бүгінгі күні әлеуметтік азық-түлік тауарлар көлемі жеткілікті, мұның барлығы қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі мен әкімдіктердің қатаң бақылауында. Тағы бір айта кететін нәрсе, ветеринариялық және фитосанитарлық қызметі барлық сауда орындарында штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Коронавирусқа қатысты бүгінде агроөнеркәсіптік өнімдер транзиті мен тасымалына қосымша шектеу қойылмайды» деді министр.

Сондай-ақ ол Еуразиялық одақ және үшінші елдердің көліктерінің барлық түрінің агроөнеркәсіп өнімдерін тасымалдауға бүгінгі күні рұқсат берілгенін, бірақ үшінші елдермен Еуразиялық одақ шекарасындағы ветеринариялық және витасанитарлық бекеттерінде бақылау күшейтілгенін айтты.