Президент • 16 Наурыз, 2020

Президент экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шараларды бекітті

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шараларды бекітті

«Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы  Президентiнің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286  Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша:

1) салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін салық мөлшерлемелерін белгілесін, салық базасын, салық салу объектілерін, салықтық кезеңді айқындау және салықтық міндеттемелерді орындау тәртібін;

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушілердің жекелеген санаттарын;

3) мемлекеттік бюджетті қалыптастырудың, нақтылаудың және атқарудың ерекше тәртібін;

4) мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін айқындасын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, шекті тарифтерді және Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті азық-түлік пен басқа да тауарларға бағаларды белгілеу;

2) Қазақстан Республикасының халқы мен экономикасының үздіксіз тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды әкелу мен әкету тәртібін айқындау құқығы берілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 16 наурыз

№ 287