Руханият • 17 Наурыз, 2020

«Тұмардан» тұмар таққандар

209 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

IV «Тұмар» Ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңім­паздары анықталды. 10 аталым бойынша ма­рапатталған жеңімпаздарға естелік мүсінше мен бір миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық табыс­талды.

«Тұмардан» тұмар таққандар

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жеңімпаз­дарды құттықтап, телевизия қыз­мет­керлерінің шығармашылық ізденістері­не жол ашып, саланың дамуы­на және өз ісінің шебер­лері арасында адал бәсекелес­тік­тің өсуіне серпін берген жоба екенін атап өтті. «Үздік дерек­ті фильм» ата­лы­­м­ының мүсін­шесі «Atameken business» телеарнасының «Көршілер» фильмінің ұжымына табыс­талды. Ал «Qazaqstan» телеар­насының «Ashyq alan» бағдар­ламасы жылдың үздік ток-шоуы атанса, «Үздік ойын-сауық бағдарламасы» бойынша «Хабар» телеарнасының «Central Asia’s Got Talent» бағ­дар­ламасы озып шықты. «КТК» телеарнасындағы «Большие новости» жобасы «Үздік ақпараттық бағдар­лама» атанды. «Үздік әлеумет­тік жоба» мүсіншесі «31 арнадан» көрсетілген «Анашым, біз үйдеміз» бағдар­ламасына берілді. «Gakku» телеар­насындағы «Bir toqsan» жобасы «Үздік телевизиялық сериал» деп танылды. Соны­мен бірге «Алматы» телеар­насы «Үздік өңір­лік телеарна» аталымында жеңіп шық­ты. «Үздік тележурналист» ата­­лы­­­мын­да журналист, «Первый Канал Евразия» телеар­н­а­сының ре­дак­торы Олег Жур­кевич марапаттал­ды. Ви­та­лий Поповтың «МИР» теле­­ар­­на­сындағы «Түркі әле­мі­нің бесігі» жобасы «Үздік режис­сер­лік жұмыс» ретін­де баға­ланды. «Үз­дік теле­жүр­гізу­ші» санатында «QAZAQSTAN» телеарна­сын­дағы Жайна Жақ­сы­­лықова жеңімпаз деп танылды. Айта кете­йік, «Тұ­мар» ұлттық телеви­зия­лық бәй­­ге­сі биыл кезекті рет ұйым­­дас­­­­ты­рылып отыр. Жүл­де қа­зақ­­стан­дық телеин­дуст­рия­ны ын­та­­лан­д­ыру мақ­сатында беріледі.

Бір айтып өтерлігі, бай­қау тарихында тұңғыш рет қазы­лар алқасының құрамы­на халық­аралық деңгейдегі сарапшы­лар енді. Мәселен, ТЭФФИ сыйлығының ие­гері, New York Film Academy оқы­ту­­­шысы, «Тұмар 2020» сый­лығы­ның қазылар ал­қа­сы­­ның мүшесі Евгения Власова «Байқауға қатысуға ұсы­ныл­ған қазақ­­стан­дық сериалдар халықаралық дең­гей­ге шыға алады. Хабар тара­ту­дың қос тілі, қос мәде­ниет, әрі бір мақ­сатқа ас­қан жыл­дамдықпен ұмтыл­ған бір халық, бір ел», деді. «Тұмар» Ұлт­тық телеви­зия­лық сый­­лығы 2017 жылы Ақ­парат және қо­­ғам­­дық даму ми­нистр­­лігінің бас­тамасымен тағайындалған.