Қазақстан • 17 Наурыз, 2020

200 мың жаңа жұмыс орны құрылады – Р. Дәленов

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бизнесті қолдау және еңбек нарығында тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін жеті негізгі бағыттан тұратын жедел шаралар топтамасы әзірленуде. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында мәлімдеді.

200 мың жаңа жұмыс орны құрылады – Р. Дәленов

Министр айтқандай, бұл қолжетімді қаржыландыру, кепілдіктер беру, салықтық ынталандыру және бизнесті тексерулерді азайту, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтамасыз ету.

«Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларын синхрондау шеңберінде кәсіпкерлер үшін теңгелік қаржыландыруға қолжетімділікті көтеру көзделетін болады. Біріншіден, несиелендіру 1 трлн теңгеге дейін 400 млрд теңгеге ұлғаятын болады», - деді Р.Дәленов. 

Министр сондай-ақ Мемлекет басшысы телевизия арқылы жасалған үндеуінде атап өткендей, кәсіпкерлікті қолдауға және жаңа жұмыс орындарын құруға 300 млрд теңге бөлінетінін еске салды.

«Несиелерді субсидиялау және салықтық ынталандыруларды беру мәселелері қосымша пысықталды, сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде 400 млрд теңгеге дейін қосымша теңгедегі өтімділік берілетін болады. Қызметтік белсенділікті сақтаудан басқа 200 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Жалпы, аталған жедел шаралар еңбек нарығының және экономикаға тұрақтандыру әсерін береді», - деді ол.