Қоғам • 17 Наурыз, 2020

«Акселератор добра: Izgilik elshisi» мен «Азаматтарға арналған үкімет» мәмілеге келді

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Акселератор добра: Izgilik elshisi» РҚБ және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Акселератор добра: Izgilik elshisi» мен «Азаматтарға арналған үкімет» мәмілеге келді

Меморандум – жеке және заңды тұлғалардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін заңды қорғауда Тараптар арасындағы ынтымақтастық орнатуды, бірлескен және келісілген әрекеттерді жүзеге асыруды көздейді.

Меморандумға қол қою рәсіміне «Акселератор добра: Izgilik elshisi» РҚБ жетекшісі Айнұр Сәбитова және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша Филиалы директоры Данияр Қырықбаев  қатысты.

«Меморандум аясында Тараптармен мұқтаж адамдарға заңгерлік көмек көрсету түрінде волонтерлік қызмет көрсету, қазақстандық қоғамда парасаттылықты, сондай-ақ адамгершілікті, мейірімділікті дамыту,  қайырымдылыққа тәрбиелеу бағытында ынтымақтастықты орнату жоспарланған.

Тегін заңгерлік кеңес беру үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы тарапынан арнайы орындар беріледі», –- дейді Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының  PR-менеджері Жаңыл Әпетова.

Құқықтық кеңес беру Алматы қаласы ЖОО-ның заң мамандығындағы студенттері мен «Адал көмек» және «Әділ көмек» бірлесе жүзеге асырылады.