Аймақтар • 17 Наурыз, 2020

Оралда оқушыларға рейд жүргізілмейді

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында «төтенше жағдайға байланысты мектептер мен көшелерде, қоғамдық орындарда арнайы рейд жүргізілетіні, бейсеует жүрген мектеп оқушылары кездессе, ата-аналары мен ұстаздарына айыппұл салынатыны туралы» жазба тарап кеткен болатын.

Оралда оқушыларға рейд жүргізілмейді

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады. «Өңір тұрғындарын мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарынан және білім басқармасының ресми парақшаларынан басқа жерлерде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз! Төтенше жағдай кезінде туындаған өтініштер мен сауалдар болса, БҚО білім басқармасының Facebook-тегі BQO Bilim basqarmasy baspaso’z qyzmeti (https://www.facebook.com/bqobilim/) және инстаграмдағы @bqobilim (https://instagram.com/bqobilim?igshid=mt2mrl3r7unj) ресми парақшасына жіберіңіздер.

Сондай-ақ, +7 (71-12)-31-23-38, 8-747-112-74-07 байланыс телефоны арқылы басқарманың Call-орталығына хабарласуға болады» делінген білім басқармасы таратқан баспасөз парағында.

 

Батыс Қазақстан