Тоқтатылған рейстер:
- Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы барлық тұрақты әуе рейстері (аптасына 34 рейс);
– Тегеран-Алматы бағыты бойынша ҚР мен Иран арасындағы барлық тұрақты әуе рейстері («Mahan Air», аптасына 1 рейс),
- Нұр-Сұлтан-Баку тұрақты рейсі (аптасына 3 рейс);
–«Lufthansa» әуе компаниясының Франкфурт – Алматы (аптасына 4 рейс) және Франкфурт – Алматы-Нұр-Сұлтан (аптасына 3 рейс) бағыттары бойынша 7 тұрақты рейсі а.ж. 24 сәуіріне дейін;
-Нұр-Сұлтан-Париж бағыты бойынша Қазақстан Республикасы мен Франция арасындағы барлық тұрақты әуе рейстері («Эйр Астана», аптасына 2 рейс).
Қысқартылған рейстер:
- Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея арасындағы 6 рейс («Эйр Астана»: Алматы – Сеул, 5-тен 1 рейске дейін және Нұр-Сұлтан -Сеул, 2-ден 1 рейске дейін; «Asiana Airlines»: Алматы-Сеул, 2-ден 1 рейске дейін);
– Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы аптасына 9 рейс («Эйр Астана»: Алматы – Баку, аптасына 3 – тен 1 рейске; «SCAT»: Ақтау – Баку, 7-ден 1 рейске; «Azerbaijan Airlines»: Баку-Алматы, 2-ден 1 рейске);
-Қазақстан мен Жапония арасындағы Нұр-Сұлтан-Токио («SCAT») бағыты - аптасына 2-ден 1 рейске дейін қысқартылды.
Сондай-ақ биылғы жылдың 16 наурызынан бастап Германия, Ұлыбритания, Нидерланды, Түркия, Украина, Беларусь, Біріккен Араб Әмірліктері, Грузия, Үндістан, Венгрия, Чехия, Польша елдеріне қазақстандық (Эйр Астана, SCAT) және шетелдік (Turkish Airlines, Pegasus Airlines, Fly Dubai, Etihad Airways, Air Arabia, Wizz Air, LOT Polish Airlines, Белавиа) әуе тасымалдаушыларының аптасына 68 тұрақты рейстері қысқартылды және аптасына 2 тұрақты рейс тоқтатылды (SCAT: Нұр-Сұлтан – Анталья, Алматы – Анталья).
Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты және коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында әуе көлігі саласында келесі шаралар қабылданды:
Шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына келуіне 2020 жылғы 16 наурыздағы сағат 08: 00-ден бастап тыйым салынады.
Емдеуге баратындарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шет мемлекеттерге кетуіне тыйым салынады.
Әуе рейстер рейстерінің тоқтатылуына байланысты шетелдік әуе компанияларға билеттерді айыппұлсыз және толық көлемде қайтару ұсынылды. Әуе билеттерді қайтаруды ресімдеу үшін жолаушыларға оларды сатып алу орны бойынша хабарласу қажет.
Әуе компаниялардың коронавирустың таралу деңгейі жоғары елдерге әуе рейстеріне қойылған шектеулер уақытша және вирустың таралуы бойынша жағдай жақсарған кезде елдер арасында тұрақты әуе қатынасы қалпына келтіріледі.
Жолаушылар барлық сұрақтар бойынша әуе компанияларға келесі нөмірлер арқылы хабарласа алады:
«Turkish Airlines»«: 7 7172 570849, 7 727 3333849, дүйсенбі - жұма сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін;
«Белавиа»: 7 7172 320241, 09-00-ден 19-00-ге дейін;
«Fly Dubai»: 7 800 070 2833, (Ұялы телефоннан қоңырау шалу тегін), тәулік бойы;
«Etihad Airways»: 7 800 5556248, тәулік бойы;
«Pegasus Airlines»: 705 5558444, тәулік бойы;
«Lufthansa»: 7 727 3335025, 10-00-нан. бастап 21-00ге дейін, демалыс 11-30-дан бастап 20-00ге дейін;
«Uzbekistan Airways»: 998 78 140 02 00, 08-00ден 20-00ге дейін;
«Wizz Air»: 36 16777136, тәулік бойы;
«Эйр Астана»«: 7 7172 584477, 7 727 2444477, 7 702 7024477, тәулік бойы;
«SCAT»: 7 7252 998880, тәулік бойы;
«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі»: 7 7172 64 58 40, 7 7172 64 58 41, тәулік бойы.