Бұл шара ұйымдарда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қабылдануда. Бұл ретте әлеуметтік мекемелер қызмет көрсетуді жалғастырады. Мекемелерде санитарлық-дезинфикациялық режим күшейтіледі. Атап айтқанда, қызметкерлер мен қамқорлықтағы адамдарды маскалармен, антисептикалық құралдармен, қолғаптармен және басқа да қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Қамқорлықтағылардың қатысуымен ұйымдар ішінде де, олардан тыс та бұқаралық спорттық және мәдени іс-шаралар өткізілмейтін болды.
Сондай-ақ республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанға дейін санаториялық-курорттық емдеу қызметін көрсетуді тоқтата тұру ұсынылды.
Бұл шаралар Қазақстанда төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасады. Бұдан басқа, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандары көрсеткен қызметтер бойынша құжаттарды (орындалған жұмыстар актісі, сүйемелдеу парақтары) қабылдау электрондық форматта жүзеге асырылады.