Қоғам • 18 Наурыз, 2020

Jýsan Bank бөлімшесінде тонау әрекеті дер кезінде тоқтатылды

466 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Jýsan Bank-тің Алматыдағы баспасөз қызметі Шымкент қаласындағы Jýsan Bank бөлімшесіндегі қарулы тонау әрекеті тоқтатылып, тонаушыны банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері тізгіндегені туралы мәлімдеді. Банк қызметкерлері мен клиенттері арасында зардап шеккендер жоқ.

Jýsan Bank бөлімшесінде тонау әрекеті дер кезінде тоқтатылды

Шымкенттегі Мангельдин көшесі, 43/1 мекенжайы бойынша орналасқан Jýsan Bank-тің №112 БҚО бөлімшесіндегі қылмыстық әрекет кезінде 1971 жылы туылған ер адам ұсталды, ол оқу гранатасын пайдаланып, кассадан қолма-қол ақшаны алу арқылы қылмыс әрекетін ұйғарған болатын.

«Бұл жағдай Jýsan Bank-тің қызметкерлері жұмысына деген жоғары дайындық пен кәсіби біліктілікпен қарайтынына тағы бір дәлелі деуге болады. Біздің клиенттеріміз Jýsan Bank-тің бөлімшелерінде қажетті банктік қызметтерді қауіпсіз түрде қолдана алады, өзін қауіпсіз сезінуге болады. Осындай күрделі уақытта біз қауіпсіздік шараларын күшейттік және бәріне дайынбыз», – деді Jýsan Bank Басқарма төрағасы Айбек Қайып.

Кешегі күннің екінші жартысында банк бөлімшесінің кассасына ақша айырбастау үшін бір ересек адам жүгінді. Кассирге ер адам электронды кезек талонымен бірге «Бомба» деген жазуы бар қағаз парағын тапсырды. Содан кейін кассирден барлық қолма-қол ақшаны беруді сұрады, ал барлық отырған клиенттер мен қызметкерлерге гранатаны көрсетіп, ешкімнің қозғалмауын және қарсылық көрсетпеуді талап етті.

Банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері Смайл Әжікұлов дәл сол мезетте тонаушымен келіссөз жүргізіп, оның ұйғарған әрекетінен бас тарту үшін әрекет етті. Смайл сол сәтті пайдаланып, тонаушыны бірден залалсыздандырып, кейін  оның оқу гранатасы-муляж екеніне көз жеткізді.

Дабыл түймесі сигналы бойынша банк бөлімшесіне ведомстводан тыс күзет келіп, полиция қызметкерлері шақыртылып, тонаушы ұсталды. Қазіргі уақытта тергеушілер куәгерлерге сұрау салу мен дәлелдер жинау жұмысын жүргізіліп жатыр.

Банк басшылығы Смайл Әжіқұловқа алғысын білдірген, ол көрсеткен батылдығы мен қызметтік міндетін мінсіз орындағаны үшін сыйақымен марапатталатын болады.