Қоғам • 18 Наурыз, 2020

Б.Нұрымбетов: Қашықтан жұмыс істеу кезінде жалақы төлеу тәртібі өзгермейді

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

Б.Нұрымбетов: Қашықтан жұмыс істеу кезінде жалақы төлеу тәртібі өзгермейді

«Кеше ел Президенті төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектордағы қызметкерлердің 70 пайызын қашықтан жұмыс істеуге көшіруге тапсырма берді. Басқа мемлекеттік емес жеке кәсіпорындар да осы тәртіпке көшуі қажет. Жұмыс барысы Еңбек кодексінің 138-ші бабымен реттелетін болады. Мекеменің, ұйымның басшысы бұйрық шығарады және жалақы төлеу тіртібін өзгертпейді. Бұрынғыдай атқарылған жұмыс үшін жалақы төленеді. Жекеменшік ұйымдардың басшылары өздері бұйрық шығарады, әрі Еңбек кодексіне сәйкес аптадағы жұмыс күнінің санын азайтуға немесе бір жұмыс күнінің ішіндегі сағатын азайтуға құқығы бар. Егер жұмысшыларды қашықтан жұмыс істеуге ауыстыру мүмкіндігі болмаса, жұмыс беруші өз тарапынан қысқартылған жұмыс уақытын белгілеуге құқылы. Мұндай жағдайда ол Еңбек кодексінің 70-ші бабымен реттеледі», - деді ол.