• Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жұмыс істейтін азаматтар сыртта қалып қалған болса, оның ішінде жұмыс іс-сапарымен жүргендер өзінің тұрғылықты мекен-жайына, жұмысына қайтуға мүмкіндігі бар.
• Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына өзге өңірлерден жұмыс сапарымен келген адамдар да өз үйлеріне, жұмыс орындарына қайта алады.
• Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жұмыс істеп, қала сыртында тұратын азаматтар үйден жұмыс істей алмайтын жағдайда жұмыс орындарына кіруге мүмкіндік алады. Жұмыс берушілердің тапсырысы бойынша әкімдіктер рұқсат береді.
Министр, жұмыс берушілерді қызметкерлер алдында әлеуметтік жауапкершілікке шақырды.
Олардың сондай-ақ жұмысшылардың құқықтарын орындауға, жұмысын, табысын сақтау мақсатында қысқартуға бармай, Еңбек кодексінде қарастырылған шараларды толығымен орындауы сұралды.