Елбасы • 18 Наурыз, 2020

Nur Otan көпбалалы отбасыларға көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағыттады

1354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елбасының тапсырмасы бойынша «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында карантин жарияланған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы жалғыз басты қарттарға, мүгедектер мен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағытталды. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Instagram парақшасында жазды.

Nur Otan көпбалалы отбасыларға көмек көрсету үшін 150 млн теңге бағыттады

Бауыржан Байбектің айтуынша, бұл қаражатқа медициналық маскалар, антисептикалық құралдар мен бірінші кезекте қажетті тауарлар сатып алынып, оларды партиялықтар мен «Jas Otan» волонтерлары халықтың тұрмысы төмен әлеуметтік тобына үлестіріп беретін болады. Сонымен қатар партияның Орталық аппараты мен филиалдарының қызметкерлері осы қажеттіліктерге өздерінің бір күндік жалақыларын аудару туралы шешім қабылдады.

Қазір Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірге коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында құрылған жедел штабтарға кез келген көмек көрсету үшін волонтер-еріктілердің ықшам топтары жасақталуда.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50