Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Алматыдағы бүгінгі эпидемиологиялық жағдай қандай?

336 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев 18 наурыз сағат 12.00-дегі уақыт бойынша қаладағы эпидемиялық жағдайды хабарлады.

Алматыдағы бүгінгі эпидемиологиялық жағдай қандай?

Бүгінде қалада коронавирусты жұқтырған 17 жағдай расталып, тіркелді. Соңғы екі мәлімет бойынша олар індетті жұқтырғандар – 1974 жылғы және 1998 жылғы әйелдер. Мәскеу рейсімен ұшып келген алғашқы науқас жұқпалы ауруханада ем алуда. 1998 жылғы науқас 15 наурыз күні Стамбул-Алматы рейсімен ұшып келді.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған азаматтарға іздеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 14 науқас, балалар жұқпалы ауруларында 2 бала және бір баланың анасы бар. Олармен байланыста болған барлық адамдар 14 күндік карантинге жабылды.

Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев қаланың стационарында қажетті дәрі-дәрмектер мен дезинфекциялау құралдары бар екенін атап өтті.

«Коронавирустық инфекция бойынша емделіп жатқан екі баланың жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы жоқ, ауру симптомсыз өтуде. Екі жастағы қыздың анасында коронавирус расталды. Жасанды желдету аппаратында бірде-бір науқас жоқ», – деді Т. Әбілдаев.

Ол сондай-ақ, Ыстамбулдан ұшып келген қыз түнде жедел жәрдем шақырған. Бірақ аурудың айқын белгілері болмады. Бірақ дәрігерлер анализ алып, таңертең оның диагнозын растады. Түркия бұрын үй карантиніне жататын елдер тобына кірмеген еді.

Коронавирусқа қарсы күреске Үкімет резервінен 73,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 94,5 млн. теңге бөлінді.

Алматы қаласы бойынша басқа өңірлерден келген емделушілерді жатқызу шектеулері бар. Бірақ жалпы медициналық ұйымдар бұрынғы кесте бойынша жұмыс істейтін болады.

Коронавирустық инфекцияның таралуымен күресуге 1300-ден астам медицина қызметкері тартылды. Жұқтырғандармен жұмыс істеу кезінде олар қауіпсіздік режимін сақтайды. Қорғаныс костюмдерін киеді, кіре берісте температура өлшенеді. Қауіпті жағдайлардағы жұмыс үшін оларға қосымша төлем қарастырылған.

 

АЛМАТЫ