Аймақтар • 18 Наурыз, 2020

Алматыда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы дәріханалар штаттық режимде жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қаланың баспасөз орталығында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев хабарлады.

Алматыда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті

– ­Қазір қаладағы дәріханаларда дәрі-дәрмекке қатысты тапшылық жоқ. Дәрі қоры жеткілікті. Қала ішіндегі логистикасы жақсы жолға қойылған 47 дәріхана таңдалып алынып, күн сайын 80 мың дана маска таратылып отыр. Бір кезекті үш қабатты маска 87 теңге тұратын болса, ал көмір фильтрлі маскалар 111 теңгеден сатылып отыр. Бұл баға қатаң бақылауға алынған. Егер бұдан қымбатқа сатылатын болса, тиісті шаралар қолданатын боламыз, – деді Сапарбек Құрақбайұлы.

 

АЛМАТЫ